Язык
 
Жүйеге кіруТіркелу

ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ «Лифтинг» жинағы

  • Артикул:123757
  • Салмағы/көлемі::1 жинақ
  • Бестселлеры Amway
    Бестселлеры Amway

Любимые товары для любимых https://www.amway.kz/ru/bestsellers

Каталог бағасы: 32,095.00 KZT

Сипаттама

ARTISTRY™ бренді терінің жеке ерекшеліктеріне бейімделетін және бірнеше қажеттілікті бір уақытта қанағаттандыратын құралды — ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ жаңа жеке сарсуын ұсынып, болашақ тері күтімін жасайды.

Сарсудың дәл қандай қажеттілікке бағытталатынын өзіңіз шешесіз!

ТАҢДАҢЫЗ, АРАЛАСТЫРЫҢЫЗ, ЖЕКЕЛЕНДІРІҢІЗ!

ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ жүйесі үш негізгі принципті - табиғат күшін, ғылым жетістігін және жекелей ықпал жасауды біріктіреді. Оған Nutrilite™ фермасынан алынған фитонутриенттердің ең жоғары мөлшерін қамтитын база мен концентраттардың қасиетін араластырған сәтке дейін сақтайтын Power Infused эксклюзивті технологиясымен жабдықталған бес концентрат кіреді. Сіз базадағы ең көбі үш концентратты араластырып, дәл сіздің теріңізге сәйкес келетін жеке сарсуыңызды жасай аласыз. 

«Лифтинг» жинағы жас ерекшеліктерінің анық белгілерімен күресуге арналған, оның ішінде тері серпінділігінің жоғалуы да бар.

Оған ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ базасы мен нығайтқыш концентрат кіреді. Жинақ тері бетіндегі әжімдермен күресіп қана қоймай, серпінділікті арттыру технологиясы мен нығайтқыш концентрат құрамындағы қызыл уылдырық сіріндісі арқылы терең қабаттардағы ішкі тірек жүйені қалпына келтіреді. 

САРСУЫҢЫЗДЫ ТАҒЫ ЕКІ КОНЦЕНТРАТПЕН ТОЛЫҚТЫРЫҢЫЗ және терінің бірнеше қажеттілігін бір уақытта қанағаттандыратын шынымен де қуатты құрал жасаңыз!

«Лифтинг» жинағын қосымша концентраттармен: ылғалдандырғыш концентратпен және әжімге қарсы концентратпен тіркесімде қолданып көруге кеңес береміз.

Сондай-ақ жеке тіркесіміңізді құра аласыз!

Қасиеттері

ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ жүйесінің негізін база құрайды. Ол Nutrilite™ фермаларында (ацерола шиесі, қара қарақат, көк шай, анар және шпинат) және ARTISTRY™ технологиясымен өсірілген өсімдіктерден алынған фитонутриенттерді біріктіреді.

Жеке пайдалануға арналмаған, база теріні нәрлендіріп, олардың 175%-ға дейін өтуін жақсарта отырып, концентраттардың әрекетін қамтамасыз етеді.

Сарсуға арналған нығайтқыш концентрат қартаюға қарсы ең жаңа технологиялар кешені мен қызыл уылдырық сіріндісінің арқасында теріні көзге көрінетіндей тарттырып, нығайтады.

Сарсуға арналған нығайтқыш концентратты базамен араластырған кезде келесі нәтижелер беретін жеке сарсуыңызды жасайсыз:

  • Тері серпінді және тартылған;
  • Бет әлпеті дәл сызылғандай көрінеді;
  • Маңдай тартылған көрінеді;
  • Әйелдердің 92%-ы терінің иілгіштігі артқанын атап өтті*;
  • Әйелдердің 80%-ы терінің серпінді бола түскенін атап өтті*.

* № RPT-013-16-ASC тұтынушылық тестінің деректері бойынша, n = 36, жас санаты = 30–62; 9-қосымша, Amway компаниясы үшін Advanced Imaging and Measurement Lab зертханасы жүргізген.

Артықшылықтары

1) Теріңіздің ерекшеліктері мен қажетіліктерін ескере отырып, сізге арнайы жасалған эксклюзивті жеке сарсу.
2) Жоғары тиімділік, бағытталған әрекет.
3) Пайдалы ингредиенттердің ең жоғары концентрациясы*.
4) ARTISTRY™ және Nutrilite™ одағы.

*ARTISTRY™ құралдарының арасында.

Ингредиенттер

ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ базасының құрамында Nutrilite™ органикалық таза фермаларының өсімдік көздерінен алынған фитонутриенттермен қаныққан су бар.

АЦЕРОЛА ШИЕСІ
Ацерола шиесінің жемістері теріге жағымды әсер беретін С витаминдеріне, қуатты антиоксиданттарға бай. Сонымен қатар олардың құрамында А витамині, тиамин, рибофлавин және ниацин бар.

ҚАРА ҚАРАҚАТ
Қара қарақат жемістерінде антоцианин мөлшері көп. Бұл зат жемістерге түс беріп қана қоймай, басқа да пайдалы сипаттарға ие.

КӨК ШАЙ
Көк шай құрамында бос радикалдарды жұтқыштар ретінде белгілі полифенолдар, сондай-ақ теріге пайдалы басқа да ингредиенттер бар.

АНАР
Анар — антиоксиданттары мен ағартқыш қасиеттері бар «супержеміс». Біз анар сіріндісін бүтін жемістен аламыз, бұл оның фитонутриенттерін сақтауға көмектеседі.

ШПИНАТ
Шпинат құрамында оттектің белсенді формаларын бейтараптандырып, тотықтандырғыш зақымдануларға жол бермейтін фитохимиялық заттар бар.

ҚҰРАМЫ:
WATER / AQUA / AGUA / EAU, BUTYLENE GLYCOL, GLYCERIN, GLYCERETH-26, METHYL GLUCETH-20, SPINACIA OLERACEA (SPINACH) LEAF EXTRACT, BIS-PEG-18 METHYL ETHER DIMETHYL SILANE, PHENOXYETHANOL, ACRYLATES/C10-30 ALKYL ACRYLATE CROSSPOLYMER, CHLORPHENESIN, TRIETHANOLAMINE, ALLANTOIN, METHYLPARABEN, CETETH-20, ACETYL GLUCOSAMINE, PANTHENOL, PULLULAN, PALMARIA PALMATA EXTRACT, OPHIOPOGON JAPONICUS ROOT EXTRACT, DISODIUM EDTA, SODIUM HYALURONATE, NASTURTIUM OFFICINALE EXTRACT, CARBOMER, SODIUM LACTATE, DIPOTASSIUM GLYCYRRHIZATE, LAMINARIA DIGITATA EXTRACT, YEAST EXTRACT, NANNOCHLOROPSIS OCULATA EXTRACT, POLYSORBATE-20, PUNICA GRANATUM FRUIT EXTRACT, AVENA SATIVA (OAT) KERNEL EXTRACT, GLYCERYL ACRYLATE/ACRYLIC ACID COPOLYMER, PROPYLENE GLYCOL, LECITHIN, MALPIGHIA EMARGINATA (ACEROLA) FRUIT EXTRACT, UNDARIA PINNATIFIDA EXTRACT, XANTHAN GUM, CHLORELLA VULGARIS EXTRACT, PROPYLPARABEN, PVM/MA COPOLYMER, ETHYLHEXYLGLYCERIN, SODIUM BENZOATE, ETHYLPARABEN, CAMELLIA SINENSIS LEAF EXTRACT, SORBIC ACID, CARRAGEENAN, PALMITOYL HEXAPEPTIDE-15, GLUCOSE, ARABIDOPSIS THALIANA EXTRACT, RIBES NIGRUM (BLACK CURRANT) FRUIT EXTRACT, MALTODEXTRIN.

ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ сарсуға арналған нығайтқыш концентраты

ҚҰРАМЫ:
WATER/AQUA/AGUA/EAU, BUTYLENE GLYCOL, PEUCEDANUM GRAVEOLENS (DILL) EXTRACT, PHENOXYETHANOL, POLYSTYRENE, CHLORPHENESIN, TRIETHANOLAMINE, ACRYLATES/C10-30 ALKYL ACRYLATE CROSSPOLYMER, METHYLPARABEN, XANTHAN GUM, C11-15 PARETH-40, C11-15 PARETH-7, SALMON EGG EXTRACT, YELLOW 5 (CI 19140), POLOXAMER 331, RED 4 (CI 14700), SODIUM CITRATE, CITRIC ACID.

Қолдану

Концентратты тікелей теріге жақпайды, оны әрқашан базамен араластыру керек. 

Араластыру процесі:

1) Жеке сарсу құтысының қақпағын алыңыз.
2) Таңдаған концентратыңызды жеке сарсу құтысына жалғап, тоқтағанша оңға қарай мұқият бұраңыз. Сосын белсендіру үшін концентрат ыдысын солға қарай бұраңыз. Сосын концентрат ыдысын алып тастаңыз.
3) Таңдаған басқа концентраттарыңыз үшін В қадамын қайталаңыз.
4) Жеке сарсу құтысын помпа-мөлшерлеуіш түріндегі қақпақшамен жабыңыз. Қақпақшаны құты толық жабылатындай етіп мұқият жабыңыз.
5) Өнімнің толық араласуы үшін жеке сарсу құтысын 60 секунд бойы шайқаңыз.

ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ араласқан жеке сарсуын қолдану тәсілі:

Тазаланған бетке күніне екі рет, таңертең және кешке 2 тамшыдан жағып, бетке төменнен жоғары қарай жұмсақ қозғалыстармен таратыңыз. Үшінші тамшыны, өз ойыңызша, қосымша күтімді қажет ететін бет бөліктеріне жағыңыз.

Көзге тигізбеңіз.

Ары қарай өзіңіздің күнделікті күтімге арналған креміңізді қолдануға кеңес беріледі.

Ajax қатесі

Серверге қосуда қате кетті. Байланыс желісін жоғалтып алдыңызба? Бетті қайта жүктеп көріңіз немесе әрекетті қайта кайталаңыз.